05.06.2014
«Алкоголь сынды зиянды заттардың айналымына ерекше көңіл бөлінеді. Ел басшлығы алкоголь өнімінің айналымына қадағалау жүргізу керектігін тапсырды. Агенттік аймақ көлемінде көлеңкелі экономиканы реттейтін әдіс ойлап шығарды», - деді М. Ахметжанов.
Ол атап өткендей, ағымдағы жылы және өткен жылы 9 өндіруші-зауыттың заңсыз қызмет істегені анықталды.
«Талдамалық зерттеу барысында жедел-ісдестіру шаралары жүргізілді, оның нәтижесінде осы жыл мен өткен жылы 9 өндіруші өнеркәсіп заңсыз жұмыс істегені анықталды», - деді ол.
«Жалпы, алкоголь өнімінің заңсыз айналысына байланысты 205 қылмыс тіркелді, 27 цех сурогаттық өнім өндіретіні анықталды. Бір жарым млн жалған тіркеу-реттеу маркалары әшкереленіп, 2,5 млн тіркелмеген алкоголь өнімі анықталды», - деді М. Ахметжанов.
Индира Кауметова