05.06.2014
«Қылмысты алдын-алу үшін біз әр аймақта «жемқорлық тәуекелінің төлқұжатын» жасақтадық. Нәтижесінде, өткен жылдың басынан бері тек мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 500 қылмыс әшкереленді», - деді М. Ахметжанов.
Сонымен қатар, ол мемлекетке 6 млрд теңгеден астам сомаға шығын келтірілгенін тілге тиек етті.
«Айта кетерлік жайт, біздің қызметіміздің басты мақсаты кәсіпкерлердің құқығын қорғау және оларға түсетін әкімшілік салмақты азайту», - деп ол баса айтты.
Мадина Нұрбекова