05.06.2014
«Бүгінгі таңда ведомство барлық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарды әшкерелеп, тергеуде. Агенттік Елбасының тапсырмасы және бірқатар бағдарламалық құжаттар аясында өзінің қызметін жаңғыртып, стратегиялық міндеттерін көбейтуде. Нәтижесінде қылмысты дер кезінде әшкерелеу көрсетікіші мен халықтың сенімі артып келеді», - деп М. Ахметжанов ағынан жарылды.
Оның айтуынша, Қаржы полициясы сот алды процесін қайта қарап шыққан.
«Өздеріңіге белгілі болғандай, қазіргі таңда Сенат қабырғасында жаңа Қылмыстық, Қылмыстық – процессуалды кодекстің жобалары қызу талқылануда. Жаңа заң жобасын қабылдау 2015 жылдың 1 қаңтарына көзделген», - деді ол.
«2012 жылдан бастап біз сот алды процесінің жаңа үлгісін кезең-кезеңімен енгізіп келеміз. Оның негізгі мақсаты жедел және тергеу бөлімдерінің өзара байланысын нығайту болып табылады», - деп М. Ахметжанов баса айтты.
Оның үстіне, тергеушінің үйлестіруші ретінде сот алды процесіндегі ролі көтерілген.
«Біз бұл процесті барынша қысқарттық. Сонымен қатар, кезекші офицер, тәуелсіз қызметкер, өтінішті тіркеуге және қабылдауға жауапты қызметтердің қызметін енгіздік», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл қылмысты әшкерелеуге аса жоғары жауапкершілікпен қарайға және негізсіз кәсіпкерлерді тексеруді болдырмауда септігін тигізді.
Мадина Нұрбекова