• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Атырау облысындағы мониторинг нәтижесінде 27 млн теңге үнемделді – Қаржы полициясы 05.06.2014

Осы мақсатта күнделікті режимде ұлттық компаниялармен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу мониторинг порталы жүзеге асырылады, деп экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде хабарлады 

Жүргізілген мониторинг нәтижесімен мемлекеттік мекемелерге жалпы сомасы 40 млн.тенгеге сатып алу бағасын асыру туралы 14 ұсыныс енгзілді, тәртіптік жауапкершілікке 20 кінәлі жұмысшы тартылды.

Нәтижесінде лоттар тоқтатылып, кінәлі тұлғалар жазаланып, жаңадан құрастырылған лоттар бойынша 20-30 пайызға балаларға және ауру адамдарға арналып сатып алынатын азық-түліктердің көлемі ұлғайып, ақшалай қаражаттарды үнемдеу 27 млн.теңгені құрады. 

Ағымдағы жылғы мамыр айында Атырау облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданып, онда ҚР БҒМ 102,5 млн.тенге ҚҚС есебімен бірге аймақтағы білім мекемелеріне 25 химия кабинетін алуға бөлінгені туралы көрсетілген. Алайда Қазақстанның басқа облыстарының барлық мектеп мекемелерінде ҚҚС есебін қоспағанда бір кабинеттің құны 3,658 млн. теңге құраған кезде мектеп мекемелерінің сатып алу порталында ҚҚС есебін қоспағанда 4,1 млн. теңгеге жарнама жарияланған болатын.  Сәйкесінше, конкурсқа қатысушылар өздерінің конкурстық тапсырыстарын жіберіп, сомасы 4 097 000 теңгеге бағдарланып, сол сомадан ҚҚС-тың өлшемі қосымша саналады.

Ұсыныстар химия кабинеттерін алуға қатысы бар білім беру бөлімінің, барлық мектептердің (қалалық және аудандық) басшыларының қатысуымен қарастырылып, нәтижесінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасының талаптарына сәйкес бағалық саясат қайтадан қаралды, 12,3 млн. теңге үнемденіп, тәртіптік жауапкершілікке 15 аудандық орта мектеп директорлары мен лауазымды тұлғалары тартылды. 

 

 


Back to the list