• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жаңа бағдарлама жемқорлықтың пайда болуын азайтады – М. Қоғамов 15.05.2014

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен  Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткен болатын.

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа бағдарламаның басты қағидасы жемқорлықтың пайда болу себебін анықтау болып табылады. Ұлыбритания, Гонконг, Малайзия, Сингапур, Франция елдерінің жемқорлыққа қарсы саясатының сараптамасы көрсеткендей, бағдарлама тиімді әдістерге сүйенуі керек.

«Құжат біздің елде орын алып жатқан парақорлық, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлықты азайтуға бағытталған. Басты назарда мемлекет пен жеке адам тұрғасына, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениеті ұсталынады», - деді М. Қоғамов.

2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы бағдарлама ғаламтор қолданушылары мен сарапшылардың  ұсыныс-пікірлеріне  ие болу үшін партияның ресми порталына орналастырылады. 


Back to the list