• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Құмар Ақсақалов «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы жаңа бағарламасы туралы баяндады 21.04.2014

«Нұр Отан» партиясы жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама дайындауда. Онда жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының бірқатар бағыттары анықталатын болады.

«Аталмыш бағдарлама аясында қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік орган өкілдерімен бірігіп партия тарапынан дайындалатын жемқорлыққа қарсы күрес туралы «Нұр Отан» партиясының жыл сайынғы баяндамасын енгізу қарастырылған», - дейді хатшы.  

Оның айтуынша, баяндамада фракция рөліне баға беріліп, жемқорлық келісімдердің саны туралы мағлұматтар көрсетіліп, жемқорлыққа қарсы күрес пен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі айтылады.

«Біздің ойымызша, Қазақстанның көлеңкелі экономика мен жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жаппай қолдау тапқан халықаралық актілерге қосылуы керек. Осы тұрғыда тұрғылықты жері бойынша азаматтар арасында ұйымдар мен мекемелерде, кәсіпкерліктерде іске асырылатын нақты шараларда алғашқы партиялық ұйымдардың маңызы зор», - дейді Қ.Ақсақалов.  

Партияның жемқорлыққа қарсы жұмысының іске асырылуы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында жемқорлық деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді.

Қ.Ақсақаловтың мәліметінше, аталмыш жобаның дайындалған жағдайында азаматтық қоғаммен әріптестік құру бойынша халықаралық тәжірибе де назардан тыс қалмақ емес. 


Back to the list