• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі талқыланды 21.04.2014

 «Партия жемқорлыққа тиімді негізде қарсы тұра алуы үшін тек партияға ғана емес, сондай-ақ оның барлық іс-әрекеттеріне деген сенімді күшейту керек. Сол себепті бүгін партия қатарын тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатта партиялық тәртіпті күшейту қажет, себебі қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауда, мәселелердің шешімін табуда, бағдарламалардың қалай іске асырылуын бақылауда әлсіздікке бой алдыру жемқорлықтың өршуіне әкеліп соғады. Сол себепті осы жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеміз», - деді Б.Байбек. 

 Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бағыты Мәжіліс депутаттарының «Нұр Отан» фракциясы мен мәслихат депуттарымен жұмысын күшейту екенін атап өтті. 

Бауыржан Байбек ағымдағы жылы «Нұр Отан»  жемқорлыққа қарсы жаңа Бағдарлама әзірлеп, аймақтарда жүргізілетін жұмысқа ерекше мән берілетінін жеткізді.  Мұнда қоғам болып күресу және халық арасында сыбайлас жемқорлықты барынша қабылдамауды қалыптастыруға баса назар аударылмақ.

«Біз ауырдық орталықтарын аймақтарға ауыстырамыз, сол себепті өңірлерден келген жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес басшыларының осында болуы маңызды», - деді ол. 

Әзірше біздің нұротандықтар өз орындарында жемқорлыққа қарсы күресті тиімді, принципті түрде бастамағанша, ештеңе шықпайды, сол себепті біздің міндетіміз сіздерге көмектесу, деді ол.


Back to the list