• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев Қазақстан елшілерінің қызметін ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды 27.11.2017

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                       Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 24 қараша

                

                  №  589


Back to the list