• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев  шет    мемлекеттерді   АХҚО жұмысын қолдауға шақырды 16.11.2017

«Біз ЭКСПО көрмесін өткізу  үшін  150 гектар жерге ғимарат салдық. Оларды енді пайдаға асыру қажет. Сондай-ақ, біз Халықаралық қаржы орталығын құру жұмыстарын жүзеге асырып жатырмыз.  «Бір белдеу, бір жол», Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық өлшемі бастамаларын, «Нұрлы жол» бағдарламасын және басқа да жобаларды іске асыру Еуразия құрлығының жаңа геоэкономикалық кескіндемесін жасауға мүмкіндік береді», - деді Президент.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, АХҚО-ның құқықтық базасы  құрылды.  Әлемдік қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілді, Қазақстанның алаң ұсынуын барлық әлемдік банктер  қолдап отыр.  Олар үшін салықсыз, визасыз аймақ құрылды.

«1 қаңтар күні  орталықтың жұмыс істеуі туралы жариялайтын боламыз.  АХҚО  өңірдің хабына айналғанын қалаймыз.  Осы жұмысқа баршаңыздың қатысуларыңызды сұраймыз», - деді Н.Назарбаев.

 


Back to the list