• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М. Құл-Мұхамед  ҚР Президентіне «Нұр Отан» партиясының жұмысы туралы айтып берді 03.11.2017

«Сіздің мегаиндустриализация бойынша атқарған жұмысыңыздың арқасында біздің мемлекетіміз модернизациялық және инновациялық алаңға айналды. Сіз жаңа әлемде жаңа Қазақстанды құрдыңыз. Сіздің көшбасшылығыңызбен біз алдымызда жоғары мақсат қоюмен бірге осы межелерді бағындыруды да үйрендік. Сіз өз сөзіңізде елдегі барлық реформалар қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталатынын айтып келесіз. БҰҰ-ның адам капиталының дамуы көрсеткіші бойынша біздің елдің рейтингі соңғы екі жылда ғана 14 позицияға жақсара түсті. Сіз құрған, Сіздің көшбасшылығыңыздың арқасында ірі, саяси, кадрлық әрі шығармашылық әлеуетке ие болған «Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта биік асуларды бағындыруда, мемлекеттің модернизациялануы жұмысына белсене атсалысатын болады», - деді Мұхтар Құл-Мұхамед.

Сонымен қатар, «Нұр Отан»  партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Кұл-Мұхаммед  Қазақстан ұдайы өсу-өркендеу үстіндегі ел екенін тілге тиек етті.

«Мемлекет бюджетінің 17 жылдың ішінде ғана 591 млрд теңгеден 12,5 триллионға, нақтылап айтқанда 21 есеге дейін артуы қазақстандықтардың әл-ауқатының еселеп өсуінің айқын дәлелі. ХХІ ғасырда әлемнің бірде-бір елінде дәл осындай ғажайып өсіп-өркендеу болған емес. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан деген осы деп білем. Қазіргі таңда бүкіл әлем, дамыған мемлекеттердің өзі саяси-экономикалық жағынан жаңару үдерісін бастан өткеруде. Сондықтан, Қазақстанмен бірге партиямыз да өзінің жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Сіз белгілеген биік мақсаттарға жету жолында Өзіңіз төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Мұхтар Құл-Мұхамедтің айтуынша, ағымдағы жылдың  10 айында  190 мың адам партияға өтініш түсіргенін, олардың мәселесін шешу үшін қоғамдық қабылдауында депутаттармен қатар, министрліктің өкілдері келіп, қарапайым халықтың сұрақтарына жауап берген.

«Ең бастысы, сол өтініштер жерде қалмай, 96 пайызы шешімін тапты. Жалпы жазылушылары 6 миллионнан астам еліміздегі аса танымал блогерлермен ынтымақтаса отырып, жұмыс істеудің нәтижесінде партияның Фейсбуктағы жақтастарының саны 5,8 есе, Инстаграмда 3,1 есе, Твиеттерде 1,6 есеге дейін артты. Партияның халықаралық байланысы да нығая түсті. Әлемдегі озық тәжірибелерді үйрену мақсатында Ұлыбриятания, Жапония мен Сингапур елдерінің жетекші партияларының басшыларымен кездесу өткізіп, олардың оң тәжірибелері партиялық практикаға батыл енгізілуде», - деді Мұхтар Құл-Мұхамед.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list