• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет – Елбасы 03.11.2017

 «Осы  өткен   уақыт ішінде «Нұр Отан» партиясы  елдегі ахуалдың тұрақтануына, Қазақстанның дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына  зор үлес қосты», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елдегі ахуалдың тұрақтануына, Қазақстанның дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына «Нұр Отан» партиясы зор үлес қосқанын атап өтті.

«Партия қызметінің инфрақұрылымын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей шешілуге  тиісті мәселелерді үнемі назарда ұстап, нағыз  елдік партия атанды. Жаңғырту жұмыстары  өте күрделі. Қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. «Нұр Отан» партиясының  міндеті   жаңғыртуға  саяси қолдау көрсету, мәселенің мән-жайын алдымен өздеру түсіну.  Осының барлығына  партия басшы болып, саясатты түсіндіруі қажет», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Қайрат Жандыбаев 


Back to the list