03.11.2017
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының күн тәртібінде елдің саяси, экономикалық және рухани жаңғыртылуы аясында партияның 10 айдағы жұмысының қорытындылары талқыланады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына енген өзгертулер қарастырылады.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі әлемдегі дамыған қауымдастықтардың құрамына ену бойынша стратегиялық курстың жүзеге асырылуына жауапты. Сондай-ақ, партияның басты назарында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Ұлт жоспары «100 нақты қадам», Партияның сайлау алды бағдарламасы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды бақылау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қайрат Жандыбаев