• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Иордания арасындағы көліктік логистиканы жақсарту қажет – ҚР Президенті 01.11.2017

«Болашақта Иорданиямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біздің елдер арасында сауда және инвестициялық қарым-қатынас орнатылған. Көлiктiң жүру жолының қиындығына байланысты бүгiнгi күнi сауда-саттығымыз төмен деңгейде тұр. Сондықтан, келiссөздер барысында осы мәселенi тағы да атап өттiк. Бүгiнгi кезде Қазақстан-Түрiкменстан-Иран арқылы Парсы шығанағына жол ашылды. Екiншiден, жуырда ғана бiздiң Үкiмет басшысы қол қойып келген Түркиядан Грузия арқылы Бакуге шығып, Бакуден Қазақстанға Каспий теңiзi арқылы келетiн жаңадан жолдың тұсауы кесiлдi. Бұл да Иорданияға баратын жолды жақындатуға мүмкiндiк бередi», - дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Президенті Қазақстан-Иордания экономикалық қарым-қатынасындағы бірнеше басымдықты атап өтті.

«Бірінші – ауыл шаруашылығы саласындағы әлеует өте жоғары, мәселен, Қазақстан Иорданияға  ауыл шаруашылығы тауарларын енгізе алады, ал Иордания көктем мен қыста теміржолдар арқылы көкөніс пен жеміс-жидек енгізе алады. Иорданияның Хикма компаниясы Алматыда фармацевтика зауытының құрылысына енді.  Егер барлығы оңтайлы болса, аталмыш саланы дамытамыз.  Энергетика саласында Иордания  Қазақстан сияқты баламалы түрді дамытуға мүдделі. Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты жақсарту үшін алдын ала шаралар бар, біз үкіметаралық комиссияға аталмыш мәселелерді шешуді тапсырдық. Иордания делегациясының  сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Иордания королі  Абдалла II ибн Хусейн аль Хашими  Астанаға ресми сапармен келген болатын.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list