05.10.2017
Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлардың өкілдерімен кездесті.
«Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз», – деді Қазақстан Президенті.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында «Арай» спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді. Кешенде аквапарк, SPA орталығы, балаларға арналған ойын павильоны, коттедж қалашығы, аттракциондарды қамтитын ашық бассейндер, фитнес орталығы, сондай-ақ 500 адамға арналған балалар орталығы бар.
Елбасы облыс жастарымен және балалармен кездесіп, бейресми әңгіме өткізді.