• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев Ақтөбедегі  «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды 04.10.2017

Нұрсұлтан Назарбаев озық үлгілі Ultra-Clima инновациялық жүйесі қолданыла отырып салынған жылыжайды аралап көрді.

Қазақстан Президентіне осы жобаның көкөністі бүкіл өңірге жеткізу, сондай-ақ оны таяу және алыс шет елдерге экспорттау мүмкіндіктері жөнінде баяндалды.    

Кәсіпорынның өнімдік қуаты – жылына 6 мың тонна көкөніс. «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдау көрсетуімен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған.

Айта кетейік, Елбасы  Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысшыларымен кездесіп, Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды.
 


Back to the list