• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев Алматыда «Туған жер» аясында салынған емханада болды 20.09.2017

Қазақстан Президентіне бұл емханада алғашқы медициналық көмек көрсетуден бөлек, асқазанның қатерлі ісігін алдын-ала анықтау мақсатымен скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланып отырғаны баяндалды. Сондай-ақ, мұнда рентген диагностикасы бөлімшесі, офтальмолог, оториноларинголог, торакальді және абдоминалды колопроктология кабинеттері ашылған, тағы басқа бөлмелер жабдықталған.  

Бұдан басқа, емханада азаматтарды электрондық тіркеу орны, Call-орталық бар. Онда Наурызбай ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем бригадасы орналасқан.

Елбасыға жуық арада «Қалқаман» шағын ауданында тағы бір медициналық мекеменің ашылатыны және «Тау самалы» шағын ауданында да емхананың құрылысы басталатыны жөнінде мәлімделді.


Back to the list