• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Президент азаматтық қорғау саласындағы уәкелітті органның сипаттамасын бекітті 18.09.2017

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жалауының;

2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы рәмізінің;

3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жалауларының;

4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамалары бекітілсін.

2. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №867 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 459-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


Back to the list