16.09.2017
Монумент Өзбекстанның жалпыұлттық символы болып табылады.
Тәуелсіздік алаңында орналасқан сәулет кешенінде Өзбекстан картасы бейнеленген қола глобус пен қолына бала ұстаған ананың мүсіні бар.
Композиция авторы – танымал өзбек сәулетшісі Ильхом Жабборов.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Өзбекстанның тұңғыш президентіне арналған монумент Ташкентте «Ақсарай» резиденциясының алдына қойылып, 2017 жылғы 31 тамызда ашылды.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Ташкент қаласының ең көрнекті орындарының бірі саналатын «Төле би кесенесі» сәулет кешініне барды.
Кесенеде қазақтың атақты тарихи қайраткері Төле би жерленген. Бұл сәулет ескерткіші – қазіргі Ташкент аумағындағы ең көне ескерткіш. Кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Онда мемлекеттер басшылары бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді.
Фото Бауыржан Жуасбаев