14.09.2017
«Жұмсалған қаражат келген туристердің, қонақтардың есебінен қайтарылды. Мен айтып кеткендей, Астананың барлық қонақ үйлері толы болды, концерттік залдары, дүкендері серпіліп қалды. Астананың бюджетіне түсім бірнеше есе артты. Көрме мультипликатипті тиімділік көрсетті», - деді Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекте басшысы еске салып кеткендей, ЭКСПО-2017 құрылысына 1400 қазақстандық компания қатысты.
«Олар металл, құрал жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізді. Адамдар ақша тапты. Бюджетте өзіне тиесілі қаржыны алды», - деп түйді Н. Назарбаев.
Фото Бауыржан Жуасбаев