13.09.2017
Сонымен, 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
Ташкентте Шавкат Мирзиеевпен кездесуі күтілуде, оның аясында екіжақты қарым-қатынастың одан ары дамуы талқыланады. Сонымен қатар, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ – өзбек бизнес-форумына қатысуы жоспарлануда.
2017 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Түркменстанға барады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ашхабадта өтетін V Азия ойындарын тамашалауға барады деп күтілуде.