• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Түркия басшылары телефон арқылы сөйлесті 02.09.2017

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, оған зор денсаулық пен табыс тілеп, Қазақстан халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларына, сондай-ақ Түркия Республикасы Президентінің Астанаға биылғы 9 қыркүйектегі ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері туралы пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.


Back to the list