30.08.2017
Ата Заң 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке болып табылады.
Конституция халықтың рухы мен республиканың әлеуметтік, демократиялық, зайырлы және құқықтық ел екенін нақтылайды. Елде адамның өмірі, құқығы және бостандығы басты құндылық болып есептеледі.
Айта кетейік, 2017 жылдың 25 қаңтарында Мемлекет басшысы кезекті конституциялық реформа туралы айтқан болатын. Президенттің бастамасымен құрылған Конституциялық комиссия Ата Заңға өзгертулер дайындап, қоғам талқылауына шығарды. Аталмыш реформаның басты мақсаты Президенттің кей өкілеттіктерінің Үкімет пен Парламентке берілуінде.
Биылғы жылдың 10-наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енген өзгертулерге қол қойды.
Бақытгүл Шеркенова