• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н. Назарбаев ел экономикасын дамыту үшін интеграцияның маңыздылығы туралы айтып берді 22.08.2017

«Қазіргі әлемде кез келген мемлекет бөлек өмір сүре алмайды. Біз жаһандық әлемде өмір сүріп жатырмыз, өз өнімімізді сатамыз, ақша табамыз, өзімізге қажетті нәрселерді сатып аламыз. Кез келген ел  осылай дамиды. Бұл тығыз интеграция кезінде ғана мүмкін болады», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, теңіз арқылы тасымалдау арзан. Осыған орай, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасын нығайта түсті.  

«Теңіз арқылы тасымалдау арзанға соғады. Теңізге, мысалы Тынық мұхитына шығу үшін қанша мың километр жүру керек. Ал ол үшін тағы төлеу керек. Біз Қара теңіз, Ресей арқылы шығамыз. Сондықтан мұндай қолайсыз жағдайдан шығу үшін біз Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасты нығайтуға тырыстық. "Жібек жолы" бағдарламасы осы мәселеде үлкен маңызға ие. Бүгінде Тынық мұхитынан Ляньюньган портына контейнерлер Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға 14 тәулік ішінде жетсе, теңіздер мен мұхиттар арқылы 40-45 тәулік ішінде жетеді. Мұның біз үшін қандай пайдасы бар? 2020 жылға дейін Қазақстан арқылы 2 млн контейнер өтеді, қазір бұл жыл сайын екі есе өсіп келеді. Осы транзит үшін Қазақстан тиісті ақша алады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.


Back to the list