• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті еліміздің техникалық дамуы туралы айтып берді 22.08.2017

Қазақстан Президенті бүкіл әлем жаңа технологиялық революцияға ұмтылып жатқанын еске салды.

«Біз қазір үшінші жаңғыру туралы айтып отырмыз. Ал, бұл төртінші технологиялық революция – цифрландыру дәуірі. Бірінші революция бу қозғалтқышы пайда болғанда болды, екіншісі – электр жарығы, үшіншісі – интернет дәуірі, ал төртіншісі – цифрландыру, барлығы сандық форматқа көшуде. Ақпарат көлемі жыл санап 2-2,5есе артып келеді, барлығына үлгеру мүмкін емес», - деді Ұлт көшбасшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, планетадағы экологиялық апатты алдын алу үшін әлемдегі барлық мемлекеттер қоршаған ортаға көмір қышқыл газын шығару көлемін едәуір азайту туралы париждік келісімге қол қойды. Осы рете, Қазақстан түрлі елдердің алдыңғы қатарлы ойларын бір жерге топтастыра білді. Еліміздегі ведомстволардың ғалымдарына әлемде қай елде не жасалып жатқанын көруге және оны елімізге бейімдеп жүзеге асыруға мүмкіндік берілді.

«Біздің кең дала  жел энергиясына, күн энергиясына, термалды және биомасса энергиясына бай. Бізге оны зерттеу керек», - деп сендірді Президент.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру мәселесін қозғады.

«Көптеген адамдар келді, қала бюджетінің түсме екі-үш есе артты, тиімділік осында. Енді барлық елдер Қазақстанда бизнес құруға болатынын көріп отыр. Осы мәселелердің кешені бұл шешімнің деркезінде қабылданғанын көрсетіп отыр», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

ЭКСПО-ның орнында Халықаралық қаржы орталығы құрылады, бұл күллі Орталық Азия үшін үлкен іс. Ол дәл осы аймақтағы жобаларды қаржыландырады. Және де аймақтың даму нүктесі, бастау нүктесі болады. 


Back to the list