22.08.2017
Қазақстандағы конституциялық реформа туралы әңгімелеген Мемлекет басшысы, бұл өте маңызды шара және ол туралы үндемей қалуға болмайды, деп атап өтті.
«Біз бұл ісімізбен үлкен істі бітірдік. Өкінішке орай, кейбіреулер туралы ештеме айтылмай қалып жатады, жәйлеп тәжірибе өткен шақта қала береді, әрине біз оны жақында ғана қабылдаған сияқты едік. Біздің Ата заңымызға ағымдағы жылы 22 жыл толады. Конституция – қатып қалған дүние емес, ол тірі организм, заман талабына сай жаңарып тұруы керек», - деді Н. Назарбаев.
Президент толықтырып кеткендей, Конституцияға енгізілген барлық өзгертулер демократияландыруға бағытталған.
«Біз Конституцияға бірнеше рет өзгертулер енгіздік, олардың барлығы демократияландыруға, жақсартуға бағытталған және бүкіл әлем жүріп келе жатқан жолмен жүруге тырыстық. Ал, бұл Парламенттің, Үкімттің мәртебесін көтеруде, заң үстемділігін қамтамасыз етуде өте маңызды өзгертулер болды. Яғни осы үшеу елімізді одан ары демократияландыру туралы айтып отыр», - деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесінің табысы туралы айтып берді.