• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді 13.08.2017

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

 


Back to the list