• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ИДМ-де Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы  заңнамасындағы жаңашылдықтар айтылды 03.08.2017

ИДМ хабарлағандай,  өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласы бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2015 жылы Тұжырымдама және 2016 жылы «ҚР өлшем бірліктерін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дайындалды.

Келесі тұжырымдамалық өзгерістер енгізілуде:мемлекеттік салалық органдарға мемлекеттік реттеуге қатысты өлшемдердің тізімін бекіту функциясы беріледі;уәкілетті органның құзыреті өлшемдердің дәлдігіне метрологиялық талаптарды қою функциясымен толықтырылады;эталондарды калибрлеу.

РМК «КазМетрИн» өкілдерінің мәлімдеуінше, заңнаманың жаңа моделі өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді тиімді нәтижеге әкеледі және калибрлеуді дамыту арқылы метрология аясында кәсіпкерлікті жетілдіруге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде халықаралық нарықта отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігін, қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға және өлшемдердің нәтижелерін мойындауға қол жеткізеді.

Қорытындылай келе, қазіргі уақытта аяқталған заң жобасы депутаттардың ұсынған түзетулерін ескере отырып Премьер-министрдің Канцеляриясында қарастырылуда және Үкімет мақұлдағаннан кейін ҚР Парламент Мәжілісіне одан әрі қарастыру үшін жіберіледі.


Back to the list