• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Назарбаев өз атына келіп түскен  құттықтаулар мен жылы ті­лектер  үшін алғыс білдірді 20.07.2017

Ақорданың  баспасөз қызметі  хабарлағандай,  шетел мемлекеттері мен үкі­­мет­­тері басшыларының құт­тықтау жедел­­хат­тарында Ел­басының тәуел­сіз Қазақ­стан­ның қалыптасуы мен қар­қын­ды дамуындағы, елдің халық­аралық арена­дағы беделін нығай­тудағы рөлі мен жас елордамыз Астананың құры­­лы­сына қос­қан үлесі айрықша атал­ған.

Қазақстан Президентінің атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен, АҚШ Президенті Д.Трамптан, Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтен, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмоннан, Түрікменстан Президенті Г.Бердымұхамедовтен, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен, Армения Республикасының Президенті С.Саргсяннан, Украина Президенті П.Порошенкодан, Сербия Республикасының Президенті А.Вучичтен, Хорватия Республикасының Президенті К.Грабар-Китаровичтен, Италия Республикасының Президенті С.Маттарелладан, Латвия Республикасының Президенті Р.Вейонистен, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведевтен және Венгрия Республикасының Премьер-Министрі В.Орбаннан құттықтаулар келді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бей­біт­шілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ, мем­ле­кет­аралық деңгейдегі ынты­мақ­тастықты жолға қою үшін қолайлы ахуал жасау ісіне қосқан үлесіне халықаралық және шетелдік ұйым­дардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкіл­дерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Олардың қа­тарында ҰҚШҰ бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ТМД атқарушы хат­шысы – атқару комитетінің төр­ағасы С.Лебедевтің, Еуразиялық эко­номикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисянның, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенконың, ТМД экономикалық сотының төр­ағасы Л.Каменкованың, Қазақстан Республикасы Парла­мен­тінің ТМД Парламентаралық ассамб­леясындағы және ҰҚШҰ Парла­менттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бакеновтің, Индонезия Респуб­ликасының Қазақстандағы елшісі, Аста­надағы АСЕАН комитетінің төр­ағасы Р.Пра­мо­ноның, Еуропалық пар­ла­мент­тің Орталық Азия елдері­мен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төр­ағасы И.Григуленің, АҚШ-тың Қазақ­стандағы ел­шісі Д.Кролдың, Бол­гария ин­дус­триялық қауымдастығы төр­аға­сының орынбасары әрі бас хатшысы М.Попованың, Мем­лекетаралық ави­а­ция комитетінің төрағасы Т.Ано­ди­наның хаттары бар.

«Бүгінде, «Астана ЭКСПО-2017» көр­месі жұмыс істеп жатқан кезде Рес­публиканың даму биігі бүкіл әлем­ге паш етілді, оны Қа­зақ­станның жо­ғары рухани және бекзат ақыл қуа­тына ие кемеңгер ұлы, Украинада аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айқын­дап бергені даусыз», – деп атап өтті өз құт­тық­тау хатын­да Бүкіл­украи­налық «Украинские летописи» басы­лымының директоры, бас редакторы Н.Новицкий.

Елбасының өңірдегі ынты­мақ­тастықты нығайтудағы және мемле­кетаралық кооперацияны күшейтудегі айрықша еңбегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматтары мен коммерциялық құрылымдарының өкілдерінен келіп түскен көптеген хаттар мен жеделхаттарда атап өтілген. Бір­қатар республикалардың басшы­лары, атап айтқанда, Татарстан Респуб­ликасынан Р.Минниханов, Башқұрт­стан Республикасынан Р.Хамитов, Да­ғыс­тан Республикасынан Р.Абду­ла­типов, Ингушетия Республикасынан Ю.Евкуров, сондай-ақ, Санкт-Петер­бург губернаторы Г.Полтавченко, Саратов облысы губернаторының мін­детін уақытша атқарушы В.Радаев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Курск облысының губер­наторы А.Михайлов, РЛДП-ның (ЛДПР) РФ Федералдық жиналы­сы Мемлекеттік думасындағы фрак­ция­сының жетекшісі В.Жириновский, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің мүшесі Н.Рыжков, РФ Феде­ралдық жиналысы Мемлекеттік дума­сының депутаты В.Ресин, Мәс­кеу және Бүкіл Русь патриархы Ки­рилл, Ингушетияның бұрынғы прези­денті Р.Аушев, Мәскеу мемле­кет­тік халықаралық қатынастар инсти­тутының ректоры А.Торкунов, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, «Урал» қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы М.Рахимов, Ресей ғылым академиясының мүшесі, Санкт-Петербургтің бас геронтологі В.Хавинсон, РФ еңбек сіңірген әр­тісі А.Цой, «Курчатовский инсти­туты» ғылыми-зерттеу орталы­ғы­ның құрметті президенті Е.Вели­хов, «Валерий Гергиев қоры» құ­рыл­тайшысы В.Гергиев, сонымен қатар, Мәскеу қаласынан Т.Мансұров, М.Вайнш­ток, Камчатка өлкесі, Елизово се­лосынан Т.Дугина, Оңтүстік Саха­линнен М.Артюкевич жылы лебізді құттықтауларын жолдады.

Мемлекет басшысының халық­аралық саясаттағы жоғары беделі мен жаһандық экономикалық үдеріс­тердегі оның рөлін өздерінің құттық­тау хаттарында «Еуразия даму банкі» басқарма төрағасы Д.Панкин, «Транс­нефть» ӨАҚ вице-президенті В.Ру­шайло, «ВТБ» банк президенті – басқар­ма төрағасы А.Костин, кәсіпкер А.Усма­нов, «Access Industries» ЖШҰ же­тек­шілері Л.Блаватник және С.Кар­пухович, «Роснано» ААҚ басқарма төр­ағасы А.Чубайс, «Газпром» БАҚ бас­қарма төрағасы А.Миллер, «Авто­ваз» БАҚ президенті Н.Мор, «Русс­нефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңе­сінің төрағасы М.Гуцериев, «Сбер­банк» БАҚ басқарма төрағасы Г.Греф, «Газпромнефть» БАҚ басқарма төр­ағасы А.Дюков, «РТЖ» ААҚ прези­денті О.Белозеров, «КАМАЗ» БАҚ бас директоры С.Когогин, «БПС-Сбер­банк» басқарма төрағасы С.Инюшин, «Интер РАО ЕЭС» басқарма төрағасы Б.Ковальчук, «ИТАР-ТАСС» директоры С.Михайлов, «МИР» ХТРК төрағасы Р.Батыршин, «Благотворительный Фонд Помощи Преданным» ЖҚ президенті А.Краснянский, сондай-ақ «ЭНИ» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци атап өтті.

Қазақстанның жас тәуелсіз мемлекетті құру, этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізу, тарихи қысқа мерзімде әлемнің ең серпінді дамушы мемлекеттерінің қатарына кіру ісіндегі таңғажайып жетістіктерін еліміздің азаматтары өздерінің көптеген құттықтауларында атап өтеді. Халықтың барлық әлеуметтік топтарын құрайтын хат авторлары Қазақстан Президентінің жүзеге асырып жатқан экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдіреді және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің орасан зор табысын айрықша атап өтеді. Елбасына ізгі тілектерін білдірген Астанадан «Халық қаһарманы» М.Алтынбаев, Ж.Ерғалиев, А.Еленов, М.Өтеубаев, Г.Шишов, Т.Қайралапова, М.Сматова, Л.Цедилина, Ж.Әбуова, Л.Завгороднева, В.Яморжина, Е.Ахмеди, Г.Назарова, Н.Келісұлы, Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Захаров, Алматыдан «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Миразова, Қазақстанның халық әртістері Е.Хасанғалиев, М.Ахмадиев, Б.Аюханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері С.Досанов, Б.Хасанғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Жиенбаев, А.Ағыбаев, Е.Тегісбаев, С.Люлина, Т.Қонаева, Г.Жетаева, К.Дәркембаева, Г.Назарова, Колдеевтер отбасы, Ақмола облысынан Б.Ормантаев, Мирамқұлов және Сафоновтар отбасылары, Ақтөбе облысынан М.Маңғазиев, С.Лұқпанов, Ж.Омаров, Алматы облысынан М.Жақашева, Е.Жүнісбеков, Д.Шафхатов, Г.Тұқанова, А.Үсенов, В.Алексеева, К.Рысбаев, А.Сыздықов, А.Нұрқасымова, Л.Гаркуша және Буковтар отбасы, Атырау облысынан Б.Мұсағалиев, С.Нақбаев, Шығыс Қазақстан облысынан О.Қодашев, М.Жақашбаев, Ж.Масалимов, С.Ахметшәріпұлы, Ш.Кенжина, Е.Оразалин, Жамбыл облысынан Б.Апсаматов, А.Дүйсенбекова, Батыс Қазақстан облысынан Орал және Ақтөбе епархиясының архиепископы Антоний, Т.Құбашев, Б.Маниров, Қарағанды облысынан Р.Курепанова, Б.Серіков, Ж.Сәденов, Қостанай облысынан К.Жилин, М.Бертаев, Д.Махмудов, Қызылорда облысынан О.Бірімжанов, Б.Жұмағалиев, Маңғыстау облысынан Р.Переев, С.Әлиев, М.Күркібаев, Павлодар облысының Д.Ақатаев, С.Басқарин, Солтүстік Қазақстан облысынан С.Володин, У.Мұқатаева, Оңтүстік Қазақстан облысынан А.Асан, В.Андрюков, С.Абдуллаева, К.Юсупов, С.Тәшімбетов, Г.Тұрсынбаев, А.Шайманов, Жолдасовтар отбасылары және басқалар жеделхаттарын жолдады.

«Бүгінде егемен Қазақстанды бей­бітшіліксүйгіш және ырғақты дамушы мемлекет ретінде бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Сіз жүргізіп жатқан реформалар біздің еліміз бен біздің халқымызды өркендеуге сенімді бас­тап келеді. Бітімгершілік миссиялар, «Астана ЭКСПО-2017» жаһандық көрмесі, жаңа кәсіпорындардың үсті-үстіне іске қосылуы, елдегі келісім мен достық қуатты тұғырнама құрды және тәуелсіз Қазақстанның одан арғы дамуының кепіліне айналды», – деп Ас­танадан жазған Рогалевтар отба­сы­ның құттықтауы көптеген хаттар мен жедел хаттардың мазмұнымен үндеседі.

Қазақстанның Православие Шір­кеуінің Басшысы, Астана және Қазақ­стан Митрополиті Александр өзінің Мемлекет басшысына құттықтау хатында «Елдің ең жаңа тарихы, егемендік алған сәттен бүгінгі күнге дейін оның Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз байланысты. Қазақстанның халықаралық саяси аренада нығаюы, қоғам өмірінің демократиялық негіз­дерінің бекуі, заңнамалық базаның қалыптасуы мен жетілдірілуі, әлеу­меттік-экономикалық және мәдени сала­ның дамуы – осының бәрі Респуб­ликамызда оның кемеңгер басшы­лы­ғымен жүзеге асты және одан әрі жүзеге асады», – деп атап өткен.

Мәдени, ғылыми, білім беру және басқа да мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары өздерінің жолдаған құттықтауларында Қазақстанның табыстары мен жарқын жетістіктерінің Нұрсұлтан Назарбаев есімімен және оның елдің әл-ауқаты мен өркен­деуі жолындағы тынымсыз қызметі­мен тығыз байланысты екенін атап көр­сетеді. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­ги­калық университетінің, Қараған­ды мемлекеттік техникалық универ­ситетінің, Қарағанды мемлекеттік ин­дустриялық университетінің, Қазақ­стан-Америка еркін университетінің, М.В.Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік университеті Қазақ­стан филиалының, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің, Қазақ­стан Рес­публикасы Ұлттық акаде­мия­лық кітапханасының, Қазақстан­дық стра­тегиялық зерттеулер инсти­ту­тының, «Алматы облысындағы жобалау, жобалау-іздестіру ұйымдары­ның ассоциациясы» ЗТҰ ұжымдары және басқалар бар.

«KEGOC» АҚ, «Kazzinc Holdings» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Рыс­баева и Ко» ЖШС, «Altyn Tau Com­pany» ЖШС-нің еңбек ұжымда­ры өз­дерінің құттықтау хаттарында Мем­лекет басшысының елдің қарқынды әлеу­меттік-экономикалық дамуын қам­та­масыз етудегі еңбегін атап көр­сетеді.

Сол сияқты, министрліктер мен ведомстволар басшыларының, облыс әкімдерінің, депутаттық және дип­ло­матиялық корпус өкілдерінің, ұлттық ком­паниялар мен өзге де еліміздегі мем­лекеттік ме­ке­мелердің, кәсіпорындар мен ұйым­дардың жетекшілерінің атынан да көпте­ген құттықтау хаттар келіп түсті. 

Қазақстан Президенті өз атына келіп түскен хаттардың бәрімен мұ­қият танысып шықты және барлық ав­тор­ларға құттықтаулары мен жылы ті­лектері үшін алғысын білдіреді.


Back to the list