• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Жол жүрісі туралы» ҚР Заңы күшіне енді 15.07.2017

Жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

«Жол жүрісі туралы» заң уақтылы енгізіліп отыр және оған енгізілген түзетулер сыбайлас жемқорлыққа әкелетін жағдайларды жоюға бағытталады», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ енді тәртіп сақшысын суретке түсіруге болады; көлік жүргізуші одан құжаттарын тексеруге құқылы лауазымды адамнан көлік құралын тоқтатудың себебін түсіндіруін сұрауға құқылы, жүргізушіні тоқтатқан жағдайда автомобильдегі жолаушы  полиция қызметкерінің рұқсатынсыз көліктен шығып, кетуге құқылы.

Бұдан бөлек, бұзушылықтар үшін анағұрлым ауыр жаза қолдану шаралары көзделетін нормалар қабылданған. Мысалы, ҚР Әкімшілік кодексінің 613-бабының 4-тармағын бұзған кезде, яғни алкогольдік, есірткілік мас болу күйін куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін ұзартылды.

Заңның ережелері 2017 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енеді.

Сонымен қатар, велосипедтердің жаяу жүргіншілер өткелдері бойынша жүруіне тыйым салынған.

«Бұл жағдайда жолдың көлік жүретін бөлігі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдері туралы сөз болып отыр. Велосипедші ол жерден жаяу жүргінші тәрізді өтуі тиіс. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған», - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеніспев.


Back to the list