04.07.2017
Депутат айтып өткендей, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясын құру бойынша Жол картасы әзірленді. Ол «Халыққа қызмет көрсету», «Жылжымайтын мүлік туралы орталық», «Жер кадастры бойынша ғылыми-өнеркәсіп орталығы» , «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» мемлекеттік кәсіпорындарының бірігуі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету провайдеріне айналады.
«Мемкорпорацияның басты басымдығы қызметінің сапасы болмақ. Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету орталығының сәтті жұмысы бойынша ХҚКО стандарты қолданылады», - деді М.Айсина.