26.06.2017
Президенттің және Үкіметтің тапсырмасы бойынша былтырғы жылы жоспардан тыс 13 заңжобалары әзірленіп, Парламентке енгізілді. Депутаттардың бастауымен 7 заңжобасы әзірленді.
Заң жобаларын әзірлеуден басқа Әділет министрлігі барлық нормативтік құқықтық актілерге заң сараптамасын жүргізіді.
«Былтырғы жылдың қазан айынан бастап Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырыстары БАҚ қатысуымен, ал биылғы жылдың сәуір айынан бастап отырыстар ведомствоның сайтында тікелей эфирде өтіп жүр», - деді министр.
«Жеке сот орындаушылар институты енгізілгелі 4,5 мыңнан астам лицензия берілді.Қабылданған шаралардың арқасында, жеке сот орындаушылар респкбликаның барлық аумақтарында, тіпті аудандарында қызмет етіп отыр.
Жалпы, соңғы 13 жылда Әділет министрлігі Республиканың мүдделерін арбитражды және шетелдік соттарда жалпы сомасы 17 млрд. 400 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаражатқа қорғады – деді Әділет министрі.
Ведомство басшысы баяндамасының екінші топтамасы Конституциялық реформаның іске асырылуы жөнінде, сондай-ақ Әділет министрлігінің жүргізіп жатқан реформаларына байланысты болды.
Әділет министрлігі осы заңжобамен қатар заңнаманы оңтайландыру және айыппұлдарды айтарлықтай төмендетуге бағытталған ҚР ӘҚБК-не бірқатар өзгертулер мен толықтырулар әзірледі.
«Мұнымен қатар, Әділет министрлігі зияткерлік меншік объектілері құқығын қорғауына жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдауда» – деді Марат Бекетаев.