• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекеттік хатшы: Денсаулықты қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы 22.06.2017

Еуразиялық геронтологтардың  II съезі  еуразиялық кеңістікке енетін геронтологиялық қоғам арасындағы  тәжірибені жариялауға  бағытталған.

«Денсаулықты қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылығы  және денсаулық сақтаудың  әлемдік моделінің стратегиялық міндеті, ал денсаулық – табысталмайтын  өмірлік басты құндылық. Бүгінде ҚР-да  «Денсаулық»  денсаулық сақтауды дамыту  мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда», - деді Мемхатшы.

Айтылғандай, БҰҰ-ның болжамы бойынша   2025 жылға қарай әлем бойынша егде жастағы адамдар саны 1 млрд  100 млн-ға   жетеді.

 «БҰҰ болжамы бойынша 2025 жылға қарай әлемде қарт адамдар саны 1 миллиард 100 миллионға жететінін атап өтті. Қазақстанда 2012-2016 жылдар аралығында жасы 60-тан асқан тұрғындар саны 7%-ға жуық мөлшерден 12%-ға дейін көбейген. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 72 жастан асты», - деді ол.

Съезге қатысушылар геронтология және гериатрия  саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Ақбота Күзекбай 


Back to the list