• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
С. Имашева: Біз бастамашы  ретінде Астана әуежайына ҚР Президентінің есімі берілгеніне қуаныштымыз 21.06.2017

«Біз Елбасының мемлекет пен қала құрылысына қосқан үлесін атап өтуді ұсынған болатынбыз. Кей нысандарға Елбасының есімін беруді ұсындық. Олардың саны саусақпен санарлық. Мектептер, университеттер, ұлттық кітапханаға да Н.Назарбаевтың есімі берілген, енді міне әуежай. Біз бастамашы  ретінде Астана әуежайына ҚР Президентінің есімі берілгеніне қуаныштымыз», - деді ол.

Депутат айтып  өткендей, әуежай мен қалаларға Президент пен Үкімет басшыларының есімін беру  әлемдік тәжірибеде жиі кездеседі.

«Президент барлық нысанға оның есімін бермеуді айтқан болатын.  Егер мектеп пен университетке қатысты болса, ол Елбасының бастамасы.  Президент  біздің балаларымыз шетелде емес, өз Отанында сапалы білім алғанын қалады. Астана қаласы Елбасының бақылауымен  салынып жатыр. Біз де шетте қалмауымыз керек, себебі көшбасшымыздың елге сіңірген еңбегін көріп отырмыз», - деді С.Имашева.

Ақбота Күзекбай 


Back to the list