21.06.2017
«Біз журналистерге баспана мәселесін шешуге жәрдемдесеміз. Осы орайда бір мәселені түсіну керек: журналистер бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне жатпайды. Мәселен, журналист өзге жеке меншік сайт пен газетте жұмыс істеп жоғары жалақы ала алады. Бұл тұрғыда бірдеңе өзгерту қиындау. Алайда, біз жүйелі жұмыс жүргізіп отырмыз», - деді Д.Абаев.
Ол айтып өткендей, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарына көмекті екінші дәрежелі банктердің қатысуынсыз жүзеге асыруды қарастырады.
«Көмек көрсетудің өзге жолдары туралы айту қиын. Себебі, БАҚ-тың 90 пайызы жеке меншік болып есептеледі. Сол себепті олар мемлекет тарапынан көмек ала алмайды. Мемлекет тарапынан біз тек мемлекеттік тапсырыс арқылы ғана жәрдемдесе аламыз», - деді министр.
Ақбота Күзекбай