21.06.2017
«Меніңше, 2019 жылдан бастап біз теория жүзінде сандық телевизияға көше аламыз. Сандық таратылым тегін болады. Мәселе басқада болып отыр. Кез келген теледидар сандық таратылымға қосыла алмайды», - деді министр.
Сондай-ақ, Д.Абаев айтып өткендей, халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі үшін жергілікті атқарушы органдар қосымша алады. Ол қосымшалар тікелей теледидарға орнатылады.
«Сапасыз көрсететін 3-4 арнаның орнына, көрермен 15-30 жоғары сапалы арнаны көретін болады. Бұл БАҚ-тың дамуына да ынталандыру болмақ», - деді ведомство басшысы.
Д.Абаев айтып өткендей, сандық телевизияның негізгі топтамасы тегін болады.
Айта кетейік, бүгін Дәурен Абаев халық алдында есептік кездесу өткізді.
Ақбота Күзекбай