21.06.2017
Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Осы бағыт аясында азаматтарды базалық цифрлық дағдыларға оқыту үшін жағдайлар жасалуда.
«Мысалы, жүргізіліп жатқан жұмыстың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық жұмысты дамытудың арқасында бүгінгі таңда халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 2013 жылдан бері 13%-ға ұлғайып, 76%-ды құрап отыр. Біздің болжамдарымыз бойынша 2021 жылға дейін миллионға жуық адам цифрлық дағдыларға оқытылып, 100 мыңға жақын ІТ-маманы даярланатын болады», - деді Д. Абаев.
Сондай-ақ ол қазіргі уақытта әзірленіп жатқан "Цифрлық Қазақстан" жаңа мемлекеттік бағдарламасы жайында да айтып өтті.
«Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша міндеттерді шешетін болады, олар - АКТ-инфрақұрылымды дамыту, білікті IT-мамандарды даярлау, экономика салаларын цифрлендіру, цифрлық үкімет қалыптастыру. Осы бағыттарды іске асыру болашақта орасан зор мультипликативті әсер беріп, халық деңгейін арттыруға ықпал етеді », - деп қосты министр.
Еске сала кетейік, бұрын министр 2017 жылдың соңына дейін "Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау" сервисі іске қосылатыны жайында хабарлаған болатын. Ол әрбір айтылған пікір мен шағымды назарға алып, тиісті шаралар қабылдайтын болады.
Ақбота Күзекбай