• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл соңына дейін «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» сервисі іске қосылмақ 21.06.2017

«Министрлік байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы бақылау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін министрлік сайтында «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» сервисін іске қосу жоспарланып отыр, бұл халыққа ұялы байланыс жұмысындағы әр түрлі проблемалар мен істен шығулар туралы пікірлерін жіберуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады министр.

Ведомство басшысы ҚР АКМ әрбір пікір мен шағымды назарға алып, тиісті шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, есепті кездесу барысында 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанның 51 аудан орталығы 4G-ге қосылатыны белгілі болды.

Ақбота Күзекбай


Back to the list