• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл соңына қарай  Қазақстанның  51 аудан  орталығы  4G-ге қосылады 21.06.2017

Ақпарат және ақпараттандыру саласында  министрлік  бірқатар нормаларды қабылдауды жоспарлауда, ол ақпараттық  жүйелердің  қауіпсіздігі мен байланыс қызметінің сапасын арттыруға бағытталады.

«Телекоммуникация саласында  министрлік  ауыл тұрғындары мен халықты  барынша сапалы байланыс пен интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздеп отыр.  Қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды  құру нәтижесінде  Интернет қолданушылардың саны  2016 жылы  77 пайызды құрады. Халықтың  96 пайызы 2G стандартындағы  байланыс желісімен 87 пайызы - 3G  және   69 пайызы 4 G-мен қамтамасыз етілді.   Биылғы жылдың соңына дейін  51 аудандық орталық   4G  желісіне қосылады. Осылайша, барлық ауданның тұрғындары  жоғарыжылдамдықты  интернетке қосылады», - деді министр.

Айта кетейік, министр есептік кездесу   барысында  Ақпарат және коммуникация жөніндегі  заңның балалар құқығын қорғау  нормасы туралы айтып өтті.

Ақбота Күзекбай

 

 


Back to the list