21.06.2017
Нормативтік-құқықтық саланы жетілдіру жұмысы аясында министрлік ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірледі.
«Заңда әрқайсымызды тікелей қозғайтын түзетулер бар. Мысалы, ақпараттық кеңістікте балаларды қорғауға бағытталған норма. Балаларды интернеттегі теріс ақпараттан шектеу мақсатында байланыс операторларына білім беру мекемелеріне балаларға бағдарланған контент беру ұсынылды. Біз зорлық-зомбылық әрекеттерінің салдарынан зардап шеккен балалар туралы фото- және бейнематериалдарды жариялауға тыйым салуды ұсынамыз», - деді министр.
Д. Абаевтың айтуынша, мұндай жарияланымдар баланы күрделі психологиялық жарақаттауы мүмкін.
«Өкінішке орай, кейбір БАҚ-тар рейтинг соңында жүріп, жиі осындай балалардың аты-жөндерін, тұрғылықты жерлері мен оқу орындарын жариялай отыра, олардың ішкі жан дүниесі туралы ұмытып кетеді. Сондай-ақ біз құқыққа қайшы әрекеттер нәтижесінде зардап шеккен баланың суреттері мен дербес деректерін оның өзінің немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз пайдалануға шектеу жасамақпыз», - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін субтитрлеу мен сурдоаударманы қолдануды кеңейту ұсынылады.
Еске сала кетейік, бүгін министр Дәурен Абаевтың халықпен есепті кездесуі өтуде.
Ақбота Күзекбай