21.06.2017
«Мемлекеттік орган жетекшілерінің халықпен кездесулері билік пен қоғам арасында тиімді коммуникация орнататын маңызды мәселе деп ойлаймын. Азаматтарға жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңызы мен жүргізіліп жатқан саясатқа сенімділікті арттырудың жақсы мүмкіндігі», - деді Дәурен Абаев.
Ведомство басшысы министрліктің негізгі жұмысының қорытындысы мен нәтижесі, сондай-ақ, ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы міндеттер туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Ақпарат саласында министрлік халықты нақты әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету және елде өткізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат жеткізу бойынша жұмысты қалыптастырды. Осы мақсатта нақты үрдістер жетілдіріліп, арнайы тәртіптер қабылданды. Осылайша, медиа-жоспарлаудың бірыңғай және біртұтас жүйесі қалыптастырылып, мемлекеттік ақпарат тапсырмасының әдістері қайта қаралды», - деді Д.Абаев.
Министр айтып өткендей, мемлекеттік тапсырысты реттеу шешімін қабылдауға қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, БАҚ-тың сапалық жүйесіне ұпай арқылы баға беру енгізіледі, бұл шаралар үрдістің ашықтығын арттырып, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттырады.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев