17.06.2017
«Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Пірәлиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметінен босатылды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Такир Балықбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.