• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда сирек кездесетін жер металдарын дамыту салалық бағдарламасы  жасақталуда 17.06.2017

Аталмыш жұмыс ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында сирек кездесетін және сирек жер металдарын өндіруді дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған жоспарының» аясында жүргізілуде.

Тәуелсіз Қазақстанда мұндай жоба алғаш рет жүзеге асырылуда және сирек жер металдары шикізатының әлем нарығында тапшылығына байланысты мейлінше өзекті мәселе болып табылады.

Компания күтіліп отырған ресурстарды бағалайтын Қазақстан аумағындағы барлығы 18 перспективалы учаске алдын ала белгіленді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстанда сирек жер металдарын өндіруді дамытудың салалық бағдарламасы әзірленеді.

«Қазгеология» АҚ  жобаны жүзеге асыру үшін орталықтары Өскемен, Алматы және Қарағанды қалаларында орналасқан Қазақстанның Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Батыс өңірлеріндегі учаскелерді бағалау үшін компания геологтарының ішінен төрт топ құрды.

«Компанияға 2 жыл мерзім ішінде Қазақстанның барлық негізгі сирек жер металдары кенкен провинциялары бойынша даладағы талдамалық растау жұмыстарын орасан зор көлемін орындау міндеті алда тұр, олардың нәтижелері бойынша геологиялық зерттеулерді одан әрі жүргізу жөніндегі бағдарлама әзірленіп, ол ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне тапсырылады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Әлемдегі жоғары сұранысты және жоғары теъхнологиялық әрі инновациялық электронды өндірістерді дамыту жөніндегі үрдістерді ескере отырып,  компания бүгінде  осы жобаны елдің индустриялық-инновациялық дамуындағы ең перспективалы және бәсекеге қабілетті бағыттардың бірі деп бағалайды.


Back to the list