• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда стандарттау жөніндегі ұлттық орган құру жоспарлануда 13.06.2017

«Осы заң жобасының қабылдануы стандарттау саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу үшін жағдайлар жасау, халықаралық модельге негізделген ұлттық стандарттау жүйесін құру, ұлттық стандарттардың рөлін арттыру, өнім, көрсетілетін қызметтер сапасын дамыту үшін жағдайлар жасау, инновациялар мен технологиялар трансфертін енгізуді ынталандыру, сондай-ақ ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты оң құқықтық, әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге әкеледі», - деп атап өтті Комитет төрағасы.

ЕАЭО-мен және ДСҰ-мен жасалған шарттар аясында техникалық реттеу және стандарттау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арқылы міндетті салада, сондай-ақ «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы арқылы ерікті салада әр түрлі заңнамалық актілермен реттелуі тиіс.

Ғалымжан Дұғаловтың айтуынша, заң жобасында стандарттау процесінің операторы ретінде стандарттау жөніндегі ұлттық органды енгізу жоспарланып отыр.

Заң жобасын әзірлеушілердің сарапшылармен, халықпен, бизнес-қоғаммен және Парламент депутаттарымен пікір алмасуының пайдалы болғаны атап өтілді.

Ағымдағы жұмысты талдау көрсеткендей, ең көп қойылған сұрақтардың ішінде стандарттау жөніндегі ұлттық орган құрумен байланысты сұрақтар болды, онда стандарттау субъектілерінің мақсаттары, стандарттау қағидаттары, құзыреті мен өзара іс-қимыл жасау рәсімдері нақты айқындалды. 

Д.Жиенқұлов


Back to the list