• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекеттік хатшы: Біз бірлік атты қуатты күшке иеміз 12.06.2017

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова сөз сөйлеу барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі барлық әлемдегі полиэтностық қоғамның интеграциясы саласындағы ойластырылған саясат үлгісіне айналғанын атап өтті.

«Президент Н. Назарбаев Семей ядролық полигонын жауып, әлемдегі төртінші ядролық қарулы әлеуеттен бас тартқаны баршаңызға белгілі. Бүгін Орталық Азия – ядролық қарудан еркін аймақ. Біздің өңірімізде атом энергиясы адам мүддесіне, қалыптасу мен дамуға ғана қызмет ете алады. Алайда, Қазақстанда біз одан да күшті энергия – бейбітшілік, бірлік және келісім энергиясына иеміз. Бүгінде Президент Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік қазақстандық моделі полиэтностық қоғамның интеграциясы саласындағы ойластырылған саясат үлгісіне айналды», - деді Г.Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, Қазақстан көрмеге жасыл технологиялар мен экономикалық өсу саласындағы өз әзірлемелерін дайындаған. Бұл елімізде орын алып жатқан этносаралық және конфессияаралық келісімнің нәтижесі болып табылады.

«Бүгінде әлемдік қоғам бірлік формуласын іздеумен алаңдауда. Біз ынтымақшылдық пен жасампаздық саласындағы тәжірибемізді, достық пен сенім энергиясын баршаға көрсетуге әзірміз. Сондықтан, бүгінгі форумның Бейбітшілік және келісім тақырыбында өтуі кездейсоқ емес. ЭКСПО-2017 алаңы – бұл тұрақты мемлекет құрудағы біздің тәжірибеміз бен болжамымызды таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Бейбітшілік және келісім энергиясы Қазақстан халқы Ассамблеясында өз көрінісін тапты», - деп қорытындылады Мемлекеттік хатшы.   

Сондай-ақ, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік моделі туралы бейнеролик көрсетілді. 

Таныстыру аясында форумға қатысушылар этномәдени бірлестіктердің арнайы көрмесінде болып, «Киіз үй» модульдер-тұжырымдамасымен және қазақтың ұлттық тағамдары бойынша шеберлік сағаттарымен танысты.

Ақбота Күзекбай


Back to the list