• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Журналистерге Президент сыйлығы мен гранттарын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті 05.06.2017

«Журналистер күні қарсаңында біз жыл сайын ақпарат саласындағы үздіктерді анықтаймыз. Президент сыйлығын беру, гранттарын табыс ету және алғыс хаттарын жариялау – бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдері асыға күтетін іс-шара», - деді мемлекеттік хатшы. 

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары алғаш рет 1997 жылы берілген болатын.

«Біз Президент Әкімшілігіне ұсынылған өтінімдерді талқылаймыз, сіздердің пікірлеріңізді тыңдап, ең лайықты үміткерлерді анықтайтын боламыз. Жалпы, Ереже бойынша 2 сыйлық және 2 грант, сондай-ақ ҚР Президентінің бірнеше алғыс хаты ұсынылады. Барлығы 9 млн теңгеден астам қаражат бөлінген», - деп қосты Г. Әбдіқалықова. 

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бүгінгі таңда кәсіптік шеберлік деңгейі өсіп келеді және сапалы медиаөнімдердің көбірек пайда болуына ықпал ететін жаңа креативті тәсілдер мен шешімдер енгізіліп жатыр.

«Биылғы кездесу институционалдық реформалардың тереңдеуінің жауапты кезеңінде өтуде. Елбасы қойған әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндеттер отандық БАҚ-тың жоғары талап етілуі мен ерекше рөліне себепші болады. Бүгінгі таңдағы белсенді ақпараттық сүйемелдеу Қазақстандағы реформалар бағдарын және мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудың маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, жаһандандыру және алдағы цифрлық дәуір жағдайларында БАҚ-тың жеделдігі мен ұтқырлығына қойылатын талаптар түбегейлі арта түсті», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы отандық журналистердің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі атқаратын жұмысы жайында да айтып өтті.  

«Алда ЭКСПО-2017 көрмесі өткелі тұрғанын білесіздер, мұнда БАҚ өкілдері үлкен рөл атқарады, олар іс-шара туралы ақпарат беріп, жалпы еліміз бен Астанамыздың имиджін көрсетеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани даму, мәдени мұраның сақталуын зерттеу саласындағы нақты бағдарлар айқындалған. Осы түпмәтінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы күшеюде», - деп түйіндеді Г. Әбдіқалықова

Ақбота Күзекбай


Back to the list