• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекет басшысы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты 03.06.2017

Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл  –  әлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті. 

"Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Сондай-ақ, Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.  

Астананың сол жағалауындағы Talan Towers кешенінің жалпы алаңы – 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, «Ритц-Карлтон» қонақ үйі, SPA орталығы, бизнес орталығы және «Emporium» сауда галереясы орналасқан.


Back to the list