• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана қаласының Қорғаныс істері департаменті мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығымен құттықтады 03.06.2017

«Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шараның басты мақсаты – жастарды тәрбиелеу және біздің ертеңгі күніміз жастардың қолында екенін көрсету. Біздің еліміздің, болашағымыздың белелін арттыру солардың қолында. Біздің рәміздеріміз – мемлекеттік ту мен әнұранды шет елдерде танып біліп жатады. Қазір әскери-патриоттық клубтар пайда болып, оларға ұлттық ұлан, десанттық-шабуылдау бригадалары қатысады. Мұндай іс-шараларды неліктен өткіземіз? Бірінші кезекте, жас буын өз мемлекетін сүюі тиіс. Олардың арқасында Қазақстан гүлденіп, өркендей береді. Біз жоспарлаған жоғары деңгейге әлі қол жеткіземіз», - деп атап өтті Б. Пернебеков.

Іс-шараға негізінен әскери қызметшілер – Отанын қорғаушылар қатысты.

«Әскери мектептердегі білім алушылар, болашақ әскери азаматтарымыз біздің әскери имидждік жұмысымызды көріп, соған ұмтылғысы келеді. Олар Отанымызды қорғауға үнемі әзір. Мен Қазақстанның аспаны әрқашан ашық, халқымыз ең бақытты болатынына сенімдімін», - деді спикер.     

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған мәдени-патриоттық іс-шара және автошеру өткен болатын.

Ақбота Күзекбай


Back to the list