02.06.2017
Кездесуде Қазақстан Президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті.
«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.
«Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды», – деді Түркия Премьер-Министрінің орынбасары.