• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекеттік Елтаңбаның ескі үлгісі 1 шілдеге дейін жаңасына алмастырылады 26.05.2017

Осыдан бір жыл бұрын ҚР ИДМ техникалық ретту және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы  ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Пішіні, өлшемі және техникалық талаптарына»  сай болуы керек екені туралы хабарлаған болатын.

Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтың айтуынша, стандарттау процесі қыруар күшті қажет етті және 7 жыл уақытты алды. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздің  авторы оның негізгі мағынасын атап өтті: бірлік пен келісім идеясы, толеранттылық пен руханилық, ұлттық мәдениеттің байлығы мен дәстүрі.

Айта кетерлік жайт, ҚР Елтаңбасының мемлекеттік стандарты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде ммелекеттік рәміздердің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның Елтаңбасы: жасалу тарихы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудағы рөлі» атты  халықаралық конференцияда таныстырылды.  Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков ЖОО ұжымына мемлекеттік рәміздердің жаңа стандартын табыстады.  

Дәл осы күні ЕҰУ профессоры мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Елтаңбасы» кітабын таныстырды, деп хабарлады Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

«Ж. Мәлібеков  Қазақстан егемендігінің қалыптасып, нығаюына қосқан шығармашылық үлесі зор, бірегей профессор. Ол ел тарихында Мемлекеттік  Елтаңбаны жасаушы  азамат ретінде ойып тұрып өзінің орнын алады», деп атап өтілген хабарламада. 


Back to the list