• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда жастар рөлін анықтаудың өзекті мәселелері талқыланды 17.05.2017

Сұхбат алаңы аясында жастардың Қазақстан дамуының ресурсы және адами капитал элементі ретіндегі рөлін анықтаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ Президент мақаласында белгіленген бағдарламалық міндеттерді іске асыруға бағытталған шаралар қаралды.

СТСЗО директоры Юлия Кучинская жастар бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын іске асыруда негізгі рөл атқаруы тиіс екенін атап өтті.

«Жастар – кез келген елдің болашағы. Мемлекет тағдыры мен жастар тағдыры бір. Олардың бүгінгі күні мен жарқын болашағы олардың қалай өзара іс-қимыл жасайтынына байланысты», - деп атап өтті ол.

Партияның жобаларына келсек, оның айтуынша, бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамтумен әлеуметтендіру мақсатында «Сәтті қадам» жобасы іске асырылып жатыр, оның  аясында бүгінде 800 адам ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткен.

Сондай-ақ, өткен жылы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бастамасымен халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарынан шыққан талантты, перспективалы жастарды қолдауға бағытталған «Нұр Арман» әлеуметтік жобасы іске қосылғаны жайында да айтылып өтті. Қайырымдылық білім гранттары 7 стипендиатқа беріліп, бүгінде олар Ұлыбритания, Қытай, Малайзия және Ресей жоо-ларында бакалавриат бағдарламасы бойынша сәтті білім алуда.

Пікірталас қорытындылары бойынша баяндамалар негізінде қатысушылар сараптамалық ұсынымдар әзірледі.


Back to the list